Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу жəне өтеусіз жəне өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тəрбие процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ оқу мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығы
(2025.15.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қорғаныс министрінің 2020.18.05. № 216 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.18.08. № 674 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және «Мемлекеттiк статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу жəне өтеусіз жəне өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тəрбие процесін ұйымдастыру қағидалары, сондай-ақ оқу мерзімдері бекітілсін.
ҚР Қорғаныс министрінің 2023.04.01. № 2 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;