Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін шөп шабу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 1 қарашадағы № 297 бұйрығы
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін шөп шабу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі | Е. Нысанбаев |
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2025 жылғы 1 қарашадағы
№ 297 бұйрығымен
бекітілген
Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін шөп шабу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер