Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы Үлгілік ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 қарашадағы № 11-НҚ нормативтік қаулысы
Осы редакция 2020 жылғы 23 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 12-бабы 4-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы Үлгілік ереже (бұдан әрі - Үлгілік ереже) бекітілсін.
2. Осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес, Есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
5. Осы нормативтік қаулы Үлгілік ереженің 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 16-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2015 жылғы 28 қарашадағы
№ 11-НҚ нормативтік қаулысымен
бекітілген
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың тексеру комиссиялары туралы
Үлгілік ереже
(Облысы, қаласы) мәслихатының