Қоршаған ортаның қауіпсіздігіне (топыраққа) қойылатын гигиеналық нормативтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 452 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № ҚР ДСМ-32 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған қоршаған ортаның қауіпсіздігіне (топыраққа) қойылатын гигиеналық нормативтер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі | Е. Досаев |
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 25 маусымдағы
№ 452 бұйрығымен бекітілген
Қоршаған ортаның қауіпсіздігіне(топыраққа) қойылатын
гигиеналық нормативтер
Топырақтағы химиялық заттардың рұқсат етілген шекті шоғырлануы
(бұдан әрі - РШШ)
| р/с № | заттардың атауы | аяны (кларкты) ескере отырып топырақтың РШШ шамасы мк/кг | лимиттеуші көрсеткіш |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| жылжымалы нысаны |
| 1 | кобальт*(1) | 5,0 | жалпы санитариялық |
| 2 | фтор*(2) | 2,8 | транслокациялық |
| 3 | хром*(3) | 6,0 | жалпы санитариялық |
| суда еритін нысаны |