«2025-2027 жылдарға арналған Қызылорда қаласының бюджетін бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 223-32/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қызылорда қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 315-45/2 шешімі
Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда қалалық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 223-32/1 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 122 059 864,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 38 422 943,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 2 273 172,5 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер -10 113 411,9 мың теңге;
трансферттер түсімі - 71 250 337,3 мың теңге;
2) шығындар - 145 454 480,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 997 924,5 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 196 600,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 194 524,5 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 192,7 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 192,7 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 22 396 883,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 22 396 883,7 мың теңге;
қарыздар түсімі - 25 583 654,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 10 087 471,5 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 6 900 701,2 мың теңге.».
2. Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы | И. Құттықожаев |
Қызылорда қалалық мәслихатының
2025 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 315-45/2 шешіміне 1 қосымша
2025 жылға арналған қалалық бюджет
| Санаты | Сомасы, мың теңге |
| | Сыныбы |
| | | Кіші сыныбы |
| | | | Атауы | |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| | | | 1. Кірістер | 122 059 864,7 |