Введите номер документа
Прайс-лист

«Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 27 мамырдағы № 38 бұйрығы (2025.13.10. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датавторник, 27 мая 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 13 июня 2025
Дата последнего измененияпонедельник, 13 октября 2025

Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің үлгілік әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 27 мамырдағы № 38 бұйрығы

(2025.13.10. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 80-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің үлгілік әдістемесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жіберуді және ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары -

Ұлттық экономика министрі

 

 

С. Жумангарин

 

 

Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің

 үлгілік әдістемесі

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің үлгілік әдістемесі (бұдан әрі - Үлгілік әдістеме) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Бюджет кодексі) 80-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жергілікті бюджеттер үшін үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік субвенциялар мен алып қоюды айқындау үшін жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау кезінде және олар әрбір үш жылда өзгерген кезде қолданылады.

Республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген сомалар шегінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджеттік субвенциялар болып табылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом