«Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 140 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2023 жылғы 13 маусымдағы № 221 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 140 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16902 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы | Ж. Нурмаганбетов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 13 маусымдағы
№ 221 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 26 сәуірдегі