Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 734 бұйрығы
(2021.19.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 19 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі қағидалар және рұқсат беру талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі | Е. Досаев |
«Келісілген»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев
2015 жылғы 10 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 қарашадағы
№ 734 бұйрығымен
бекітілген
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық
жұмыскерлерді аттестаттау қағидалары мен рұқсат беру
талаптары