Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында демпингке қарсы баж төлемей Қытай Халық Республикасынан шыққан диаметрі 520 мм-ден асатын, бірақ 650 мм-ден аспайтын, немесе өзге көлденең қимасының ауданы 2700 см2-ден асатын, бірақ 3300 см2-ден аспайтын графиттелген электродтарды әкелуге сан жағынан шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 162-НҚ бұйрығы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3-тармағына, «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5) тармақшасына және «Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін графиттелген электродтарға қатысты демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 17 қарашадағы № 101 шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында демпингке қарсы баж төлемей Қытай Халық Республикасынан шыққан диаметрі 520 мм-ден асатын, бірақ 650 мм-ден аспайтын, немесе өзге көлденең қимасының ауданы 2700 см2-ден асатын, бірақ 3300 см2-ден аспайтын графиттелген электродтарды әкелуге сан жағынан шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
2) осы бұйрықты оның ресми жариялануынан кейін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.