Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 2 маусымдағы
№ 130 бұйрығына
5-қосымша
Осы редакция 2021 жылғы 20 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«I санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»
мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «I санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Iсанаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін белгілейді.
2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетімен оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы өтініш береді:
1) мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидасының 1-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы І санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу үшін өтінім;
қоршаған ортаға әсер ететін межелі қызметтің жоба алдындағы құжаттамасы жағдайында мынадай құрамда:
қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;