Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына қолма-қол ақша айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 16 наурыздағы № 25 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 176 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19612 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларында:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
1-тармағы төртінші абзацының қолданысы 2026 ж. 12 шілдеге дейін тоқтатылды, осы абзац тоқтата тұру кезеңінде 6-тармақтың редакциясында қолданылады
«Қағидаларда Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінде, «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң), «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» (бұдан әрі - Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) және «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген мәндерінде қолданылатын ұғымдар пайдаланылады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері санатына жатады;»;
2-тармақта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: