«2024 жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 3 шілдедегі № 172 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 10 қазандағы № 247 Қаулысы
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2024 жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 3 шілдедегі № 172 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9048-16 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес 625-700 жолдарымен толықтырылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің сайтында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Е. Кошербаев |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2024 жылғы 10 қазандағы
№ 247 Қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2024 жылғы 3 шілдедегі
172 қаулысына
қосымша
| № р/р | Пестицидтердің топтары бойынша әсер етуші зат | Өлшем бірлігі (литр, килограмм, грамм, дана) | Пестицидтердің 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормасы, теңге |
| Метсульфурон-метил, килограмына 600 грамм |
| 625 | Грейз 60%, суда ыдырайтын түйіршіктер | килограмм | 8 500,00 |
| 2,4-Д диметиламин тұзы, литріне 720 грамм |
| 626 | Стриг 72%, сулы ерітінді | литр | 1 125,00 |
| 2,4-Д диметиламин тұзы, литріне 357 грамм + дикамба, литріне 124 грамм |
| 627 | Стриг экстра 480, сулы ерітінді | литр | 1 563,00 |
| Феноксапроп-п-этил, литріне 100 грамм + фенхлоразол-этил (антидот), литріне 30 грамм |
| 628 | Клинч 100, 10% эмульсия концентраты | литр | 5 400,00 |