Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 423 бұйрығы (2024.03.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапонедельник, 7 августа 2017
Статус
Действующийвведен в действие с 3 октября 2017
Дата последнего изменениясуббота, 3 августа 2024

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 423 бұйрығы

(2024.03.08. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Қорғаныс министрінің 2024.18.07. № 743 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Републикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы әскерлер бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом