«Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 44/477-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 7/104-VIII шешімі
Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан облыстық мәслихатының «Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 44/477-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5312 тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы | Н. Абишов |
Түркістан облыстық мәслихаты
2023 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 7/104-VIII Шешімге қосымша
Түркістан облыстық мәслихатының
2019 жылғы 9 желтоқсандағы
№44/477- VI шешіміне қосымша
Түркістан облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастар
тізбесі
Түркістан қаласы бойынша:
Қалаішілік бағыттар:
№1 бағытындағы «Алтын бұлақ автовокзалы - Түркістан автовокзалы - Алтын бұлақ автовокзалы»