Введите номер документа
Прайс-лист

«Ақпараттық жүйеде тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Сауда және интеграция министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 123-НҚ бұйрығы

Информация о документе
Датачетверг, 30 марта 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 16 апреля 2023
Дата последнего изменениячетверг, 30 марта 2023

Ақпараттық жүйеде тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Сауда және интеграция министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 123-НҚ бұйрығы

 

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 15-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса ұсынылған Ақпараттық жүйеде тіркеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2023 жылғы 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақтың 2) тармақшасын, 3 және 4-тармақтарды қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы Премьер -

Министр орынбасарының міндетін атқарушы -

 Сауда және интеграция министрінің

міндетін атқарушы

 

 

 

С. Жумангарин

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика

министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары -

Сауда және интеграция

министрінің міндетін атқарушы

2023 жылғы 30 наурыздағы

№ 123-НҚ бұйрығымен

бекітілген

 

 

Ақпараттық жүйеде тіркеу қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ақпараттық жүйеде тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 7-бабының 15-9) тармақшасына сәйкес әзірленді және ақпараттық жүйеде тіркеу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами