Талдықорған қаласында сайлау учаскелерін құру туралы
Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 5 шешімі
Осы редакция 2020 жылғы 9 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Талдықорған қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талдықорған қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін аумақтық сайлау комиссиясымен келісілген сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
2. Талдықорған қаласы әкімінің «Талдықорған қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4944 тіркелген, 2018 жылғы 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Сәуле Аманбайқызы Арзанбековаға жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Талдықорған қалалық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
Е. Қошанбеков
2020 жылғы «11» тамыз
Талдықорған қаласы әкімінің
2020 жылғы 13 тамыздағы
№ 5 шешіміне қосымша
Талдықорған қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін құрылған сайлау учаскелері
№ 966 сайлау учаскесі.
Орталығы: Талдықорған қаласы, Ә. Әлімжанов көшесі № 20, «Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 27 орта мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (оңтүстік қанаты).