Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2025-2027 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ БЮД...

Информация о документе
Датасреда, 18 декабря 2024
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 18 декабря 2024

2025-2027 жылдарға арналған Қызылорда қаласының бюджетін бекіту туралы
Қызылорда қалалық мәслихатының 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 223-32/1 шешімі

 

Осы редакция 2025 жылғы 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 71 320 543,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 15 469 683,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 489 237,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 9 402 016,0 мың теңге;

трансферттер түсімі - 45 959 607,0 мың теңге;

2) шығындар - 62 427 596,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - -901 769,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 275 240,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 177 009,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 9 794 716,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - - 9 794 716,0 мың теңге;

қарыздар түсімі - 275 240,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 10 069 956,0 мың теңге.

2. 2025 жылға Қызылорда қаласы бюджетіне кірістерді бөлу нормативі төмендегідей болып белгіленсін:

1) 101.201 «Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» және 101.205 «Төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы» кодтары бойынша 10 пайыз;

2) 103.101 «Әлеуметтік салық» коды бойынша 10 пайыз;

3) 101.202 «Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» коды бойынша 10 пайыз.

3. 2025 жылға арналған қала бюджетінде облыстық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 10 081 526,0 мың теңге болып көзделсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами