Апелляциялық комиссияның құрамы мен ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 372 бұйрығы
«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-5-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Апелляциялық комиссия құрылсын.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Апелляциялық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік саясат департаменті заңнамада бекітілген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Согласовано
12.09.2025 11:06 Қонысбек Аман Қонысбекұлы
12.09.2025 11:38 Егимбаева Куралай Мухтаровна
12.09.2025 11:50 Сураужанова Данира Кайратовна
12.09.2025 12:27 Андаков Мухамед Задинович
15.09.2025 10:42 Суюнбаев Шынгыс Нурманович
15.09.2025 12:16 Панбаев Азамат Серикович
15.09.2025 20:44 Сапарбеков Олжас Сапарбекович
Подписано
17.09.2025 16:30 Нағаспаев Ерсайын Қайырғазыұлы

Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
2025 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 372 бұйрығына
1-қосымша
Апелляциялық комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры, Апелляциялық комиссияның төрағасы;
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасының химия өнеркәсібі, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, қара металлургия, түсті және сирек кездесетін металл салаларына жетекшілік ететін орынбасары, Апелляциялық комиссия төрағасының орынбасары;