Түркістан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман пайдаланудың төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 42/437-VI шешімі
Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 587-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 14-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес Түркістан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман пайдаланудың төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 44/358-V «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман пайдаланудың төлемақы ставкаларын бекіту туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 5 қаңтарда № 3510 тіркелген, 2016 жылы 14 қаңтарда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде № 5-6 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. «Түркістан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы | Л. Тәшімов |
| Облыстық мәслихаттың хатшысы | Қ. Балабиев |
Түркістан облыстық мәслихатының
2019 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 42/437-VI шешіміне 1-қосымша