Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/106 бұйрығы
(2023.15.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2025 ж. 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 66) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022.15.09. № 615 бұйрығымен тізбе жаңа редакцияда (2022 ж. 8 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022.28.12. № 779 бұйрығымен тізбе өзгертілді (2023 ж. 15 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 16 ақпандағы
№ 18-03/106 бұйрығымен
бекітілген
Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің
тізбесі
| № | Жануарлардың түрлері |
| 1 | 2 |
| Су жануарлары: |
| 1 | Қортпа |
| 2 | Орыс бекiресi |
| 3 | Шоқыр |
| 4 | Пiлмай (арал және іле популяциясынан басқасы) |
| 5 | Сүйрiк |
| 6 | Бадырақкөздi қарынсау |