Введите номер документа
Прайс-лист

«Бонитердің (сыныптаушының), техник-ұрықтандырушының және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманның біліктілігін арттыру курстарының үлгілік бағдарламаларын және олардың сағат көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 5 мамырдағы № 174 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 5 мая 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 26 мая 2023
Дата последнего измененияпятница, 5 мая 2023

Бонитердің (сыныптаушының), техник-ұрықтандырушының және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманның біліктілігін арттыру курстарының үлгілік бағдарламаларын және олардың сағат көлемін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 5 мамырдағы № 174 бұйрығы

 

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бонитердің (сыныптаушының) біліктілігін арттыру курстарының үлгілік бағдарламасы және олардың сағат көлемі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Техник-ұрықтандырушының біліктілігін арттыру курстарының үлгілік бағдарламасы және олардың сағат көлемі;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманның біліктілігін арттыру курстарының үлгілік бағдарламасы және олардың сағат көлемі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

 Ауыл шаруашылығы министрінің

 міндетін атқарушы

 

 

Ә. Тамабек

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ғылым және жоғары білім министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы

министрінің міндетін атқарушы

2023 жылғы 5 мамырдағы

№ 174 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Бонитердің (сыныптаушының) біліктілігін арттыру курстарының үлгілік бағдарламасы және олардың сағат

көлемі

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом