Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бос басшылық лауазымдары туралы мәліметтерді және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптарды ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйеде орналастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 13 маусымдағы № 149 бұйрығы
(2020.08.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 17 қарашадағы № 409 бұйрығымен күші жойылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бос басшылық лауазымдары туралы мәліметтерді және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптарды ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйеде орналастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.