«Шығыс Қазақстан облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 393 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 маусымдағы № 136 Қаулысы
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шығыс Қазақстан облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 393 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4845 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін;
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Д. Ахметов |
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті Шығыс Қазақстан
облысы санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті
2023 жылғы «___»_______________
Қазақстан Республикасы Экология
және табиғи ресурстар министрлігі
Су ресурстары комитеті Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі
Ертіс бассейндік инспекциясы
2023 жылғы «___»_______________
Қазақстан Республикасы Экология
және табиғи ресурстар министрлігі
Экологиялық реттеу және бақылау
комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша
экология департаменті