Введите номер документа
Прайс-лист

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жүргізу, сондай-ақ жеке тұлғаларға жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлар куәліктерін беру туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 170 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 20 мая 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 24 июля 2022
Дата последнего измененияпятница, 20 мая 2022

Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жүргізу, сондай-ақ жеке тұлғаларға жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлар куәліктерін беру туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 170 бұйрығы

 

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жүргізу, сондай-ақ жеке тұлғаларға жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлар куәліктерін беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Экология, геология және табиғи

 ресурстар министрі

 

 

С. Брекешев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом