Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2015 жылғы 13 ақпандағы № 2/255 Қаулысы

Информация о документе
Датапятница, 13 февраля 2015
Статус
Действующийвведен в действие с 5 марта 2015
Дата последнего измененияпятница, 13 февраля 2015

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2015 жылғы 13 ақпандағы № 2/255 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өзгерістер енгізілетін қаулыларының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға

Қ. Тұрғанқұлов

 

Хатшы

Б. Мелдешов

 

Қазақстан Республикасы Орталық

сайлау комиссиясының

2015 жылғы 13 ақпандағы

№ 2/255 қаулысымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өзгерістер енгізілетін қаулыларының

тізбесі

 

1. «Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін берудің және есепке алудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 161/306 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5653 болып тіркелген, 2009 жылғы 5 мамырдағы № 158-159 (25556) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):

1) атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 6-1) тармақшасына және 41-бабы 6-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидалары бекітілсін.»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом