Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 617 бұйрығы
«Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ бұйрығымен бекітілген Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) аккредиттеудің үлгілік қағидаларына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 21 тамызда № 34967 болып тіркелді) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қоғаммен байланыс департаменті:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Әділет министрі | Е.Ж. Сарсембаев |
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2026 жылғы 1 шілдедегі
№ 617 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жанындағы журналистерді
(бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер