Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 наурыздағы № 16/184 шешімі
(2022.12.04. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексіне және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Д.Сабытова).
3. «Қарақия аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Қ. Көшенов |
| Аудандық мәслихаттың хатшысы | А. Мееров |
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Маңғыстау облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Қарақия ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Оразов Бахыт Ыдырысұлы
7 наурыз 2018 жыл
«Қарақия аудандық жер қатынастары,
сәулет және қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Таубаев Алпысбай Бұрханұлы
7 наурыз 2018 жыл
Қарақия аудандық мәслихатының
2018 жылғы 7 наурыздағы
№ 16/184 шешіміне
қосымша
Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер