Қарасу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 12 «Қарасу ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 3 ақпандағы № 18 Қаулысы
Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарасу ауданы әкімдігінің «Қарасу ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 12 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26733 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қарасу ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Қарасу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарасу ауданының әкімі | К. Оспанов |
Қарасу ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 3 ақпандағы