Орталық депозитарий есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 130 Қаулысы
(2018.29.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 263 Қаулысымен 2019 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.29.01. № 5 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.29.01. № 5 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2018 ж 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес орталық депозитарий есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес клиенттердің шоттары туралы есептің нысаны;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен есепті тоқсан ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күнге қолданыстағы мәмілелер туралы есептің нысаны және орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар тізілімі;
4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес бағалы қағаздардың қайталама нарығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен операциялар туралы есептің нысаны;
5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша экономика секторлары мен шағын секторлары бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен операциялар туралы есеп;
6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес экономика секторлары және шағын секторлары бойынша орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде мемлекеттік емес бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар туралы есептің нысаны;