Жануарлардың өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын түрлерінің, жануарлардың шаруашылық мақсаттарда пайдаланылмайтын, бірақ экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар түрлерінің, жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай зиян келтіру қаупінің алдын алу
мақсатында саны реттелуге тиіс түрлерінің тізбелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 258 бұйрығы
(2023.06.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2026 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, жануарлардың өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын түрлерінің тізімі;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, жануарлардың шаруашылық мақсаттарда пайдаланылмайтын, бірақ экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар түрлері;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес, жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай зиян келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге тиіс түрлері;
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3.Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.