Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту жөніндегі ақпаратты беру нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 25 қазандағы № 331 бұйрығы
Осы редакция 2021 жылғы 30 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ұйымдар мен мемлекеттік органдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту бойынша кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығына және «Мемлекеттiк статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жоспарланған отырған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша ақпараттың нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сатып алынған тауарлар, жұмыстар және қызметтер туралы ақпараттың нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген толтырылған нысандарды мыналар электронды түрде «Қазақстандық қамту» Интернет-порталы арқылы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне ұсынады және электронды-цифрлы қол қойып куәландырады:
1) ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, елу және одан да көп пайыз акциялары (жарғылық қапиталдағы қатысу үлесі) ұлттық басқару холдингтеріне, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес, тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алулары жергілікті қамту мониторингіне жататын ұйымдар;
3) концессионерлер.
3. Жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша ақпараттың нысаны жыл сайын сатып алуды жоспарлап отырған жылдың 1 ақпанына дейін ұсынылады.