Амангелді ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 63 «Амангелді ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 58 Қаулысы
Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Амангелді ауданы әкімдігінің «Амангелді ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 63 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27523 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Амангелді ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Амангелді ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Амангелді ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.