Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүрудің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 23 бұйрығы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 3 қарашадағы № 41 бұйрығымен күші жойылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 15-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүрудің қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (бұдан әрі - Ұлттық бюро) заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) Ұлттық бюроның интернет-ресурсында осы бұйрықты орналастыруын;
5) Ұлттық бюроның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің назарына осы бұйрықтың жеткізілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ұлттық бюроның Төрағасы Қ.П. Қожамжаровқа жүктелсін.