Салықтың және (немесе) төлемақылардың есептелген сомасы туралы хабарламалардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 550 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 49-бабының 4-тармағына және 82-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3)-тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес есептелген мүлік салығының сомасы туралы хабарламаның нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органы есептеген салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомасы туралы хабарламаның нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін есептелген төлем сомасы туралы хабарламаның нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев |
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 550 бұйрығына 1 қосымша
Нысан
Есептелген мүлік салығының сомасы туралы
хабарлама
| 20___ жылғы «____» _____________ | № __________ |
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 49-бабының 4-тармағына және 82-бабы
1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес _____________________________________________
_______________________________________________________________________________