Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 153 «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 264 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 153 «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына (облыс әкімдігінің 2025 жылғы 5 маусымдағы № 121 қаулысымен енгізілген өзгерістерді қоса) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулылары жойылсын.
3. «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Н. Төреғалиев |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2025 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 264 қаулысына 1-қосымша
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2022 жылғы 8 тамыздағы
№ 153 қаулысымен бекітілген
«Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілетін толықтырулар:
15-тармақ келесідей тармақшалармен толықтырылсын:
16) құзыреті шегінде ғылым мен ғылыми-техникалық қызметті дамыту үшін жағдайлар жасау;