Мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 25-02-01/114 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 1 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағы 18-9) тармақшасына сәйкес, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің м.а.
2012 жылғы 19 наурыздағы
№ 25-02-01/114 бұйрығымен
бекітілген
Мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-9) тармақшасына сәйкес әзірленді және мектеп орманшылығын ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібін белгілейді.
2. Мектеп орманшылығы - 14 жастан бастап және одан жоғары экологиялық-биологиялық және экологиялық-орман өсіру бағытында оқитындардың бірлестігі. Мектеп орманшылығы заңды тұлға болып табылмайды.
3. Мектеп орманшылығы ерікті негізде құрылады және оқитындардың экологиялық тәрбие мен еңбек нысанының бірі болып табылады.
4. Мектеп орманшылығының міндеттері:
1) орман шаруашылығы мен табиғат пайдалану саласында оқушыларға кәсіби бағыт қалыптастыру, оларды мамандықты саналы таңдауға даярлау;