«Цифрлық денсаулық сақтау саласындағы анықтамалықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 4 ақпандағы № ҚР-ДСМ-14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Цифрлық денсаулық сақтау саласындағы анықтамалықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 4 ақпандағы № ҚР-ДСМ-14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22166 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 87) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген цифрлық денсаулық сақтау саласындағы анықтамалықтарда:
«Мүгедектік тобы» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 1.4, 1,5, 1.6, 1.7-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 1.4 | 67822003 | мүгедектігі бар бала |
| 1.5 | 67822004 | бірінші топтағы мүгедектігі бар бала |
| 1.6 | 67822005 | екінші топтағы мүгедектігі бар бала |
| 1.7 | 67822006 | үшінші топтағы мүгедектігі бар бала |
»;
«Әлеуметтік мәртебе» деген бөлімде реттік нөмірлері 1.6, 1.6.1- жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«