Цифрлық денсаулық сақтау саласындағы сыныптауларды, анықтамалықтар мен номенклатураны бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 4 ақпандағы № ҚР-ДСМ-14 бұйрығы
(2024.30.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.13.08. № 61 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022.29.09. № ҚР ДСМ-104 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 87) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.13.08. № 61 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес цифрлық денсаулық сақтау саласындағы сыныптаулар, анықтамалықтар мен номенклатура бекітілсін.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.13.08. № 61 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшылары, республикалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары цифрлық денсаулық сақтау саласындағы сыныптауларды, анықтамалықтар мен номенклатураны енгізуді және пайдалануды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;