Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті, негізгі және еларалық есептілік нысандарын және оларды толтыру Қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1104 бұйрығы
(2024.11.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.18.05. № 514 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.18.05. № 514 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептілік нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептілік нысанын толтыру қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес трансферттік баға белгілеу бойынша негізгі есептілік нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Трансферттік баға белгілеу бойынша негізгі есептілік нысанын толтыру қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес трансферттік баға белгілеу бойынша еларалық есептілік нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Трансферттік баға белгілеу бойынша еларалық есептілік нысанын толтыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;