2023 – 2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 240 шешімі
(2023.04.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 28 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023.04.04. № 16 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2023 – 2025 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 11 299 178 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 6 601 381 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 40 802 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 82 569 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 4 574 426 мың теңге;
2) шығындар – 12 874 442 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – алу 1 575 264 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 1 575 264 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 1 575 264 мың теңге.
2. 2023 жылға арналған қалалық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерлерде белгіленсін:
1) жеке табыс салығы бойынша:
төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын – 75 пайыз;
2) әлеуметтік салық бойынша – 75 пайыз.
3. 2023 жылға арналған қалалық бюджет кірістерінің және шығындарының құрамында келесі трансферттер қарастырылғаны 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін.