«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 846 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 56, 771-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 846 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 984 қаулысымен бекітілген
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі - БЖЗҚ) мен:
1) мiндеттi зейнетақы жарналары салымшысының;
2) мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаның;
3) мiндеттi зейнетақы жарналары және (немесе) мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерiн алушының (бұдан әрі - зейнетақы төлемдерін алушы);