Орман қорының аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу мен айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-02/52 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 5 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Орман қорының аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу мен айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 18-02/52 бұйрығымен
бекітілген
Орман қорының аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу мен айқындау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және анықтау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексіне сәйкес әзірленді және орман қорының аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу мен айқындау тәртібін айқындайды.
2. Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залал мыналарды қамтиды: