«Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды жасаған, сотталған адамдар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жөніндегі қылмыстық істердің қозғалысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері туралы» № 3-К нысанды есепті және оны қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 14 шілдедегі № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 43 бұйрығы
ҚР Бас Прокурорының 2024 жылғы 5 тамыздағы № 99 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды жасаған, сотталған адамдар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жөніндегі қылмыстық істердің қозғалысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері туралы» № 3-К нысанды есепті және оны қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 14 шілдедегі № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14126 санымен тіркелген, 2016 жылғы 1 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды жасаған, сотталған адамдар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жөніндегі қылмыстық істердің қозғалысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері туралы» № 3-К нысанды есеп осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
«Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды жасаған, сотталған адамдар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жөніндегі қылмыстық істердің қозғалысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері туралы» № 3-К нысанды есепті қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықта:
7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«7. 2-бөлім мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға және оларға теңестірілген адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы мәліметтерден тұрады.