«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» кәсіптік стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 19 маусымдағы № 200 бұйрығы
Осы редакция 2025 ж. 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» кәсіптік стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2024 жылғы 19 маусымдағы
№ 200 бұйрығына
қосымша
«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» кәсіптік стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолданылу саласы.
Кәсіптік стандарт «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» кәсіптік қызмет саласындағы Білімдерге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейлеріне (кәсіптеріне) қойылатын жалпы талаптарды белгілейді;