Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 15 қыркүйектегі № 250 бұйрығы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiліп отырған кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптар бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министрдің міндетін атқарушы | М. Калиакпаров |
Қазақстан Республикасы
Көлік министрі
міндетін атқарушының
2026 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 250 бұйрығымен бекітілген
Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын
талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 2-тармағына (бұдан әрі - Заң), 1974 жылғы Теңізде адам өмірін қорғау жөніндегі халықаралық конвенциясы V-тарауының 14-қағидаларына (бұдан әрі - СОЛАС конвенциясы) сәйкес түзетулермен бірге әзірленген кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілейді, ол кеме жүзуінің қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін қажет.