Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелердің орындалуы қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 706 Қаулысы
Осы редакция 2025 ж. 19 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 154-бабының 13-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелердің орындалуы қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесі айқындалсын.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 29 тамыздағы
№ 706 қаулысына
1-қосымша
Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелердің
орындалуы қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің
тізбесі
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы.
2. «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы.
3. «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы.
4. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 29 тамыздағы
№ 706 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі