Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 749 бұйрығы

Информация о документе
Датачетверг, 4 декабря 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 19 декабря 2025
Дата последнего изменениячетверг, 4 декабря 2025

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 749 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Тізбенің 5-тармағының тоқсан алтыншы абзацы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«Егер ұлттық каталогта орналастырылған тауарға электрондық дүкенде бірде-бір тапсырыс ресімделмеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұлттық режимнен алып тастаулар белгіленген тауарларды қоспағанда, осындай тауарға электрондық дүкен арқылы алғашқы тапсырыс алдын ала тапсырыс беру арқылы ресімделеді.».

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, Тізбенің 5-тармағының алпыс екінші, алпыс үшінші, жүз он екінші, жүз он үшінші, жүз он төртінші, жүз он бесінші, жүз алпысыншы және жүз алпыс бірінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

М. Такиев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом