Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 қараша № 88 Өкімі
(2019.17.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2019 жылғы 9 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес жоғары әскери және өзге де атақтарды, сыныптық шендерді беру тәжірибесін жетілдіру мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан консультативтік-кеңесші орган - Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия құрылсын және оның дербес құрамы бекітілсін (№ 1 - қосымша).
2. Комиссияның негізгі міндеті Мемлекет басшысының атына келіп түскен жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер беру туралы ұсыныстарды алдын ала қарау және олар бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне тиісті ұсыныс енгізу болып табылады деп белгіленсін.
3. Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін (№ 2 - қосымша).
4. Қазақстан Республикасы Президентінің «Жоғары әскери, арнаулы және өзге атақтар жөніндегі комиссия туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы № 3238 өкімінің (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 48, 468-құжат) күші жойылды деп танылсын.
| Қазақстан Республикасының Президенті | |
№ 1-қосымша ҚР Президентінің 2002.18.04. № 323 Өкімімен алып тасталды
№ 2 - қосымша
Қазақстан Республикасы
Президентінің 1999 жылғы
3 қарашадағы № 88 өкімімен
бекітілген
Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер
жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия (бұдан былай - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер беру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды алдын-ала қарау және Мемлекет басшысы үшін дайындау мақсатында құрылды.