Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін жеке броньды қорғау құралдарымен, белсенді қорғаныс, инженерлік мүлікпен, күзеттің техникалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 151 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін жеке броньды қорғау құралдарымен, белсенді қорғаныс, инженерлік мүлікпен, күзеттің техникалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормалары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін жеке броньды қорғау құралдарымен, белсенді қорғаныс, инженерлік мүлікпен, күзеттің техникалық құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
2) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңңама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Эталондық бақылау нормативтік-құқықтық актілер банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.