Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді келісу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 25 маусымдағы № 303-НҚ бұйрығы
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 5 және 7-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді келісу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі | А. Балаева |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Мәдениет
және ақпарат министрі
2026 жылғы 25 маусымдағы
№ 303-НҚ бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді келісу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер